Погода

+12
°
C
H: +16°
L: +9°
Алматы
Понедельник, 30 Май
Прогноз на неделю
Вс Вт Ср Чт Пт Сб
+13° +20° +23° +21° +22° +23°
+11° +12° +13° +13° +11° +13°

Новости

02.10.2026
Алматының Алатау ауданындағы «Самғау» ықшамауданында тұрғындардың өтініші нақты іске ұласты
Қаладағы жайлы орта – ауқымды жобалардан ғана емес, тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін қарапайым мәселелердің шешімінен де көрінеді. Қоғамдық көлікті күтіп тұрған адам үшін аялдаманың болуы, әсіресе жауын-шашын мен қақаған аязда, үлкен маңызға ие. Алатау ауданындағы «Самғау» ықшамауданында осыған қатысты тұрғындар көтерген мәселе шешімін тапты. Ықшамаудандағы «Көкорай 2Г» мекенжайындағы қоғамдық көлік аялдамасында бұған дейін жолаушыларды желден, жаңбырдан және қардан қорғайтын арнайы қаңқа болмаған. Соның салдарынан қоғамдық көлікті күткен тұрғындар ауа райының қолайсыздығына қарамастан ашық жерде тұруға мәжбүр болған. Әсіресе егде жастағы азаматтар үшін мұндай жағдайдың қолайсыздығы сезіле түскен. Осы мәселені ескерген тұрғындар өз ұсынысын тиісті орындарға жеткізуге шешім қабылдады.
02.10.2026
Қоғамдық даму орталығы ғалым мұрасын ұрпаққа насихаттады
Алматыда көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген ұстазы Бәшен Баймұратқызы Баймұратованың 100 жылдығына арналған тағылымды кездесу өтті. Ұстаз – шәкіртке білім беріп қана қоймай, оның өмірлік бағытын айқындап, ғылым мен ізденіске жетелейтін тұлға. Ғылым жолына саналы ғұмырын арнаған, талай шәкіртке бағыт-бағдар берген көрнекті ғалым әрі ұлағатты ұстаз Бәшен Баймұратқызы Баймұратованың есімі де білім мен ғылым саласында өзіндік орны бар тұлғалардың қатарында. Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада ғалымның 100 жылдығына орай «Ғылымға жетелеген ұстаз» атты әдеби-танымдық кездесу өткізді. Тағылымды шара Ұстаздар күні қарсаңында ұйымдастырылып, Бәшен Баймұратқызының өнегелі өмір жолын, ұстаздық және ғылыми қызметін кейінгі буынға таныстыруға арналды. Кездесудің негізгі мақсаты – көрнекті ғалымның білім мен ғылымға қосқан үлесін дәріптеп, оның кәсіби мұрасын, шәкірт тәрбиесіндегі еңбегін насихаттау.
14.08.2026
Маңғыстауда есірткіге тәуелділіктің алдын алу қалай жүргізіліп жатыр?
Маңғыстау облысында есірткіге тәуелділіктің алдын алу бағытында жыл басынан бері 262 профилактикалық іс-шара өткізілген. Оның ішінде дәрістер, түсіндіру кездесулері, акциялар және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бар. Ал биыл жоспар бойынша өңірде барлығы 656 іс-шара өткізу көзделген. 1 шілдедегі жағдай бойынша оның 160-ы жүзеге асырылып, 4600-ге жуық адам қамтылды. Профилактикалық жұмыстар мектеп оқушыларынан бастап жоғары және техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттеріне, жазғы лагерьлердегі балаларға, зейнеткерлерге, мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілеріне және түрлі мекеме қызметкерлеріне дейінгі әртүрлі топтарды қамтып отыр. Сонымен қатар дәрігер-психиатр-наркологтар семинарлар, дәрістер, дөңгелек үстелдер өткізіп, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
показано 1–15 из 200