Курсы валют
Погода
+12
°
C
H: +16°
L: +9°
Алматы
Понедельник, 30 Май
Прогноз на неделю
| Вс | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб |
| +13° | +20° | +23° | +21° | +22° | +23° |
| +11° | +12° | +13° | +13° | +11° | +13° |
Алишер Бекен: «Алматыда биыл 379 шақырым электр желісі жаңартылды»
Алматы – еліміздегі ең ірі мегаполис, сондықтан мұндағы энергетикалық жүйенің үздіксіз әрі сенімді жұмыс істеуі қала тұрғындарының жайлылығы мен қауіпсіздігінің негізгі кепілі. Шаһардың электр инфрақұрылымын жаңғырту, тозу деңгейін төмендету және алдағы бюджеттік жоспарлар төңірегінде Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының өкілі Алишер Бекенмен сұхбаттасқан едік.
16.10.2026
Алишер Бекен: «Алматыда биыл 379 шақырым электр желісі жаңартылды»
– Алишер Ерланұлы, Алматы қаласының электр желілерін дамыту мен инфрақұрылымды жаңарту бағытында биыл қандай ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр? Мегаполистегі желілердің тозу деңгейін төмендету үшін қандай шаралар көзделген?
– Биыл Басқарма тарапынан қаламыздың электр желілерін салу мен реконструкциялау, энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту және электр желілері шаруашылығының тозу деңгейін айтарлықтай төмендету жөніндегі кешенді іс-шаралар белсенді жүзеге асырылып жатыр.
Атап айтсақ, биыл қала аумағында жалпы ұзындығы 379 шақырымды құрайтын электр желісін салу және реконструкциялау көзделген. Бұл – өте ауқымды жоба. Аталған іс-шаралар ең алдымен мегаполисті электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға, ықтимал авариялық жағдайлардың алдын алуға және желілердегі электр энергиясының технологиялық ысыраптарын барынша қысқартуға тікелей жағдай жасайды.
– Әдетте, тозған жабдықтар авариялық өшірулерге себеп болады. Осы орайда жаңғырту жұмыстары аясында қандай заманауи технологиялар мен жаңа жабдықтар енгізілуде?
– Расын айту керек, инфрақұрылымды жаңартудың басты өзегі – физикалық тұрғыдан тозған электр жабдықтарын уақытылы ауыстыру. Биылғы жаңғырту шеңберінде ескірген кабельдік және әуе электр беру желілерін жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Бұдан бөлек, электр желілерін пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған ең заманауи техникалық шешімдерді қолданысқа енгізіп жатырмыз. Бұл қаламыздағы әрбір тұтынушының үйіне берілетін электр энергиясының сапасын арттырып, кенеттен болатын үзілістерді азайтуға мүмкіндік береді. Біздің түпкі мақсатымыз – алматылықтарды сапалы әрі іркіліссіз энергиямен қамтамасыз ету.
– Атқарылып жатқан бұл жобалардың нақты экономикалық тиімділігі мен үнемделген энергетикалық ресурстардың көрсеткіштері қашан белгілі болады?
– Атқарылған ауқымды іс-шаралардың нәтижесінде үнемделген энергетикалық ресурстардың қорытынды көрсеткіштері нақты деректер негізінде айқындалады. Тұтынылған энергия мен технологиялық ысыраптардың нақты көлемі есептелгеннен кейін ғана соңғы сандар беріледі.
Ал 2026 жылғы бюджет шығыстары мен қол жеткізілген экономикалық тиімділік туралы толық ақпарат тиісті есептеулер толық аяқталып, қаржы жылының қорытындылары шығарылғаннан кейін қалыптастырылады. Сондықтан толық экономикалық талдауды жыл аяғында ұсынатын боламыз.
– Сұхбатыңызға рақмет! Қала игілігіне арналған жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз.
Сұхбаттасқан Олжас Әбдіхалық
← Назад

