Курсы валют
Погода
+12
°
C
H: +16°
L: +9°
Алматы
Понедельник, 30 Май
Прогноз на неделю
| Вс | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб |
| +13° | +20° | +23° | +21° | +22° | +23° |
| +11° | +12° | +13° | +13° | +11° | +13° |
Алматыда креативті саланы дамытуда университеттер рөлі күшейді
Алматы қаласының Креативті индустрияларды дамыту орталығы Almaty Creative креативті экономиканы қолдау мақсатында серіктестік желісін кеңейтіп, Университет Нархоз және Қазақстанның Креативті индустриялар альянсімен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасты. Бұл келісімдер қаланың креативті секторын жүйелі дамытуға, сондай-ақ жастардың білімі мен кәсіби мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған.
06.11.2025
Алматыда креативті саланы дамытуда университеттер рөлі күшейді
Альянспен жасалған меморандум Қазақстанда креативті индустрияларды қолдау мен дамытуға жағдай жасауды көздейді. Ал университетпен орнатылған серіктестік студенттерге қосымша білім беру ресурстарын, тәжірибе алаңдарын, индустриялық байланыстарды және мансаптық мүмкіндіктерді кеңейтпек.
«Білім – креативті экономиканың іргетасы. Елдің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтасу арқылы біз жас таланттарға креативті индустрияларда табысты мансап құруға қажетті білім мен ресурстар ұсынуды мақсат етеміз. Бүгін Нархоз университетімен жасалған меморандум осы миссиямыздағы тағы бір маңызды қадам», – деді Almaty Creative ұйымының бас директоры міндетін атқарушы Бақыт Елюбаева.
Өз кезегінде, Нархоз университетінің эндаумент қорының басшысы Дана Шаяхмет Almaty Creative орталығының қаланың креативті индустрияларын дамытудағы ерекше рөлін атап өтті:
«Almaty Creative – қаладағы креативті салаларды жүйелі түрде дамытатын бірегей квазимемлекеттік ұйым. Біздің серіктестігіміз зерттеу бағыттарын, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын нығайтуға ықпал етеді», – деді ол.
Нархоз университеті Almaty Creative-тің серіктестік желісіне қосылған тоғызыншы жоғары оқу орны болып отыр. Бұған дейін желіге келесі білім беру ұйымдары кірген:
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
AlmaU
Тұран университеті
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
«Әділет» колледжі
Еуропалық дизайн институты (IED)
Жаңа меморандумдар креативті индустрияларды дамытудағы өңірлік және ұлттық ынтымақтастықты нығайтып, жас таланттардың әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам саналады.
Олжас Әбдіхалық
← Назад

