Курсы валют
Погода
| Вс | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб |
| +13° | +20° | +23° | +21° | +22° | +23° |
| +11° | +12° | +13° | +13° | +11° | +13° |
Алматылық жастардың сайлауға қатысу белсенділігін қалай көтереміз?
Осы орайда біз Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Әсет Тұматовпен сұхбаттасып, жастардың сайлауға қатысу үрдісі мен оларды ынталандыру шаралары туралы кеңінен әңгімелестік.
-Жастардың сайлауға қатысуы қалай? Оларды ынталандыру бойынша нақты шаралар бар ма?
Жастардың сайлауға қатысуын арттыру — көптеген елдер үшін маңызды міндет, өйткені жастар қоғамның болашағын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Алматы қаласында жастар саясатқа қызығушылық танытқанымен, сайлау белсенділігі төмен. Жастардың сайлауға қатысуын арттыру мақсатында әлеуметтік желілер арқылы ақпарат таратуға, жастар ұйымдарымен серіктестікке басымдық беріледі. Сонымен қатар, жастарды кандидаттармен, саяси партиялармен тікелей байланыстыру және олардың дауысы елдің болашағына әсер ететінін көрсету жоспарлануда.
Қазіргі уақытта Алматы қаласы жас сайлаушылар клубы мен жас сайлаушылар пулы құрылу үстінде. Жастарды ақпараттандырудың инновациялық әдістері мен тәсілдері әзірленуде.
- Алғаш рет дауыс беретін сайлаушылармен қандай жұмыс жүргізіледі?
Учаскелік сайлау комиссиялары сайлаушыларға алдын ала шақыру хаттарын таратып, қашан және қайда келу керектігі, өзімен бірге не әкелу қажет екендігі жөнінде белсенді ақпараттандыру жұмыстарын жүргізеді. 2024 жылғы 6 қазандағы референдумда алғаш рет дауыс берген 8567 сайлаушы дауыс беруге қатысты.
- Жоғары оқу орындарында, колледждерде сайлау мәдениетін насихаттауға бағытталған қандай жобалар жүзеге асырылуда?
Қазіргі уақытта жастар арасында сайлау институтын танымал етуге бағытталған бірлескен жобалар әзірленуде. Алматы қаласы Жас сайлаушылар клубы мен жас сайлаушылар пулы құрылуда. Жастарды ақпараттандырудың инновациялық әдістері мен тәсілдері әзірленіп жатыр.
- Соңғы сайлау науқандарында сайлау үдерістерін цифрландыру қалай жүзеге асырылып жатыр?
- Қазақстан Республикасында сайлау құқығы мен сайлау жүйесін дамытудың перспективалары ең алдымен қоғамдық өмірдің барлық саласын цифрландырумен, сайлауды ұйымдастыратын органдардың ішкі процестерін технологияландырумен және дауыс беру рәсімдерін оңайлатумен байланысты. Қазіргі уақытта цифрландыру бағдарламалары аясында сайлаушылардың электрондық тізімдеріне көшу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
- Алматыда электрондық дауыс беру немесе басқа да инновациялық тәсілдер қаншалықты қолданылады?
- 2025 жылы Қазақстанда жалпыұлттық деңгейдегі сайлау немесе референдумдарда электрондық дауыс беру өткізу жоспарланбаған. Бұған дейін, 2000-жылдары, елде «Сайлау» атты электрондық дауыс беру жүйесі жұмыс істеген болатын, алайда ол сайлаушылар арасында кең қолданысқа ие болмады және саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен бақылаушылар тарапынан сынға ұшырады. 2007 жылдан бастап бұл жүйе тікелей мақсаты бойынша қолданудан алынып, өңірлермен байланысты қамтамасыз ету үшін техникалық құрал ретінде ғана пайдаланылып келеді.
- Алматы тұрғындарының сайлау жүйесіне деген сенімі қандай? Осы сенімді арттыру үшін қандай жұмыстар жүргізілуде?
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізілген саяси реформалар нәтижесінде сайлау жүйесіне деген сенімді арттыруға бағытталған заңнамалық өзгерістер енгізілді. Конституцияға енгізілген түзетулер де сайлау жүйесін жетілдіруге әсер етіп, азаматтар мен саяси партиялардың құқықтарын кеңейтуді көздеді. Бұл өзгерістер Қазақстан Үкіметінің неғұрлым демократиялық және инклюзивті практикаларды дамытуға ниетті екенін көрсетті.
Алматы қаласы тұрғындарының сайлау жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында сайлау үдерісінің ашықтығы, айқындығы және инклюзивтілігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Бұл жұмыстардың негізгі бағыттарына мыналар жатады:
• сайлау науқанына дайындық және оны өткізу барысы туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы ақпарат тарату;
• сайлаушыларға өз деректерін тексеруге мүмкіндік беретін цифрлық сервистерді енгізу;
• сайлаушылардың құқықтары мен дауыс беру тәртібі бойынша, әсіресе жастар мен алғаш рет дауыс беретіндер арасында түсіндіру науқандарын жүргізу;
• сайлауды бақылау мен бағалауға ҮЕҰ, сарапшылар және жастар ұйымдарымен бірлесіп қатысу;
• exit poll социологиялық сауалнамаларын жүргізу;
• мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін дауыс беру жағдайларын жасау.
Сайлау комиссияларындағы азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 33-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан азаматтары жеке өзі немесе ұжымдық түрде мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына өтінішпен жүгінуге құқылы. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 20-бабының 9-тармағында сайлау комиссиясының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау құқығы көзделген.
- Әділ сайлау өткізу мақсатында қандай мониторинг, есеп беру және бақылау тетіктері қолданылады?
- Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы сайлауды бақылау үшін халықаралық және ұлттық бақылаушыларды белсенді түрде аккредиттейді, бұл сайлау үдерісінің ашықтығы мен оған деген сенімді арттыруға ықпал етеді.
Азаматтық белсенділер мен саяси партиялар да сайлау мониторингіне белсенді қатысады, олар ықтимал заң бұзушылықтар мен бұрмалаушылықтарды анықтап, мемлекеттік органдар мен сайлау комиссияларының жауапкершілігін арттыруға септігін тигізеді.
Бұдан бөлек, Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиялары сайлаушылар туралы мәліметтердің өзектілігі мен дұрыстығын, дауыс беру үшін сайлаушылар тізімінің уақтылы әрі дұрыс жасалуын және оларды жалпыға қолжетімді етуін қамтамасыз ету мақсатында сайлаушылар тізімдерін тексеру алгоритміне сәйкес тұрақты рәсімдер жүргізеді.
Аталған барлық шаралар Қазақстандағы сайлаудың әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге, азаматтардың сайлау үдерісіне деген сенімін нығайтуға және елдегі демократия деңгейін арттыруға бағытталған.
Сайлауды демократиялық жолмен өткізу — сайлау туралы заңнаманың бұзылу фактілерін азаматтар тарапынан шағымдану құқығынсыз мүмкін емес.
- Болашақта сайлау мәдениетін дамыту бойынша қандай бағыттар басым болады?
- Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы мектептер мен жоғары оқу орындарында сайлау құқығы бойынша білім беру бағдарламаларын енгізу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ сайлауға қатысатын барлық тұлғалар үшін тұрақты ақпараттық кампаниялар мен оқыту тренингтері өткізіліп келеді. Бұдан бөлек, сайлау комиссиялары жанынан жастардың сайлау клубтарын құру және әлеуметтік желілер мен танымал форматтарды (бейнероликтер, подкасттар, челлендждер) белсенді пайдалану жоспарлануда.
Бұл шаралар азаматтардың сайлау үдерісіне деген сенімін арттыруға және Алматы мен жалпы Қазақстандағы демократиялық институттарды нығайтуға бағытталған.
- 2025 жылғы алдағы сайлау науқандарына дайындық қалай жүргізілуде?
- 2025 жылы Алматы қаласында сайлау науқандарын өткізу жоспарланбаған. Дегенмен, сайлау процесіне қатысушыларды құқықтық сауаттылығын және сайлау комиссияларының жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған каскадтық әдіспен оқыту жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ барлық сайлаушыларға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аудара отырып, сайлау учаскелерін дайындау бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.
- Әңгімеңізге көп рахмет!
Сұхбаттасқан Олжас Әбдіхалық

