Курсы валют
Погода
| Вс | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб |
| +13° | +20° | +23° | +21° | +22° | +23° |
| +11° | +12° | +13° | +13° | +11° | +13° |
Таза бейсенбі
Акцияға 30-ға жуық белсенді жас қатысып, саябақ аумағын қоқыстан тазартып, жаяу жүргіншілер жолдары мен демалыс орындарын ретке келтірді. Белсенділердің ұйымшыл әрі тыңғылықты жұмысының арқасында демалыс орны айтарлықтай тазарып, қала тұрғындары үшін жайлы демалыс орнына айналды.
Сол күні саябаққа серуендеуге келген тұрғындар жастардың бастамасына ризашылықтарын білдіріп, мұндай шаралардың қоғамдық орындардың тазалығын сақтау үшін маңыздылығын атап өтті.
«Біз өз ісіміз арқылы өзгелерге үлгі көрсетіп, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырамыз. Байтұрсынұлы атындағы сквер – көптеген тұрғындардың сүйікті орны. Біз бұл жердің әрқашан таза әрі тартымды болғанын қалаймыз», – деп атап өтті «Жастар Рухы» ЖҚ АҚФ төрағасының кеңесшісі Білдебаева Дана.
«Таза Қазақстан» жобасы аясындағы мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады. «Жастар рухы» ЖҚ барлық белсенді азаматтарды алдағы экологиялық акцияларға қатысып, туған қаламыздың тазалығына үлес қосуға шақырады.
Ахмет АТАК

