Погода

+12
°
C
H: +16°
L: +
Алматы
Понедельник, 30 Май
Прогноз на неделю
Вс Вт Ср Чт Пт Сб
+13° +20° +23° +21° +22° +23°
+11° +12° +13° +13° +11° +13°

ӨМІРІ ӨНЕГЕ – ӨНЕРІ МҰРА

2024 жылы Ахыска түріктерінің байырғы отаны Қазақстан жеріне оралғанына 80 жыл толды. 1944 жылдың қараша айының 14 нен 15 не қараған күні Грузияның Оңтүстік батыс бөлігінде мекен еткен Ахыска Түріктерін сол жылдары билік басында отырған мемлекет басшыларының солақай шешімімен алдын-ала ойластырылған құпия түрде шығарылған 31.07.1944 жылғы №6279 бұйрығына сүйеніп 1 түнде бес ауданға шоғырланған 86 000 халықты жүк таситын вагондарға толтырып ата қонысынан жер аударған.
07.03.2025
ӨМІРІ ӨНЕГЕ – ӨНЕРІ МҰРА

Бүгін мен сол аласапыран кезеңді өз көзімен көрген тарихтың көзі тірі куәгері 1932 жылы маусым айының 13 күні Гүржістанның Аспиндза ауданының Ван ауылында туылған Құрбанов Гүләлі Қочалы ұлы атамыздың өмір жолы туралы сыр шертуді жөн көрдім. Себебі: «Білген сайын келеді біле бергім, біле беру емес пе тілегі елдің» дегендей Гүләлі атамыздың өмір жолы бүгінгі күнгі жастардың өмірден өз орнын таппай, мамандық таңдауда қиналып жүрген көпшілік жастарға үлкен септігін тигізіп бағдаршам болары сөзсіз.

Гүләлі атамыз 1939  жылы Грузия Республикасы Аспиндза ауданы Ван ауылындағы азербайджан мектебінің 1 сыныбына қабылданады. Ол бұл мектепте азербайджан тілінде оқып, қосымша ретінде грузин және орыс тілдерін оқитын едік дейді. Гүләлі атамыз осы аталған мектепте 4-ші сыныпқа дейін оқиды. 1944 жылы Ата қонысынан Қазақстан жеріне жер аударылып келеген кезде Гүләлі атамыз 13 жастағы бозбала болатын. Оның жанұясы Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сайрам ауданының Ленинжол ауылына қоныстандырылады. Атамыз осы ауылдағы 10 жылдық қазақ орта мектебінің 2 сыныбына қабылданып, оны 1956 жылы ойдағыдай бітіріп шығады. Мектепті бітірген соң мамандық таңдауда көп ойланып жатпастан медицина мамандығын таңдауға ниет етеді.  

Себебі 1944 жылдың қараша айының 14 күні Ата қонысынан жер аударылған халықты үлкен кішісі демей жүк таситын вагондарға топырлатып 40-50 адамды мінгізеді. Вагон ішінде мінгізілген халық үшін ешқандай жағдай жасалмағандығы (отыратын орын, жуынатын орын, әжетхана, тіпті ішетін сумен қамтамасыз етілмеуі) халықты үлкен әбігерге салады. Жалпы Грузияның бес ауданынан көшірілген 86 000 халықтың 17 000 жолда қайтыс болған болса, олардың басым бөлігі балалар мен жүкті аналар болатын. Себебі жас келіндердің үлкен кісілердің алдында әдептілік сақтауы, инабаттылық сақтап қысылып қымжырылуы өздеріне кері әсерін тигізіп соңы орны толмас қайғылы жағдайларға душар етті.

Міне осындай жағдайларды өз көзімен көрген куәгері болған сол кездегі 13 жасар бозбала болған Гүләлі атамызды осы мамандыққа деген жанашырлық талпынысын оятты. Атамыз 1957 жылы Шымкент қаласындағы медициналық училищеге құжат тапсырады. Алғашқы  жылы жолы болмай келесі жылы қайта тапсырып, студентатанып, 1960 жылы сол училищені ойдағыдай бітіріп, фельдшер мамандығын алып шығады.

Гүләлі атамызды сұраныс бойынша Шымкент қаласының аумағына қарасты Қайтпас 1 елді мекеніне жұмысқа жібереді. Ол кезде бұл ауылда ешқандай медпункт болмағандықтан сол ауылдың мешітінің ішінен бір бөлмені жабдықтап медпункт ашып береді. Атамыз ол жерде үш жыл қызмет атқарады. 1964 жылы ауыл әкімшілігінің басшылығымен Гүләлі атамыз бастаған халықтың қолдауымен асарлатып арнайы медпункт үйі тұрғызылады.

Гүләлі атамыз осы медпунктте Қайтпас-1, Қайтпас-2, Бозарық елді мекендеріндегі халықтың алғысына бөленіп, бірінші санатты дәрігер атанып 36 жыл бір орында үзіліссіз еңбек етіп 1992 жылы құрметті зейнеикерлікке шықса  да басшылық тарапы білікті маманды жібермей тағы төрт жыл жұмыс істеп, өзінің бай тәжірибесін жас мамандардың бойына сіңіртуге өтініш жасайды.  

 Гүләлі атамыздың 1960-1996 жылдар аралығында еткен еңбегі еш кетпей, бірнеше рет денсаулық сақтау саласы мен қала басшылығының алғыс хаттары және медальдарымен марапатталған. Гүләлі атамыз тек қызмет орнында емес ана мен бала өміріне қатысты көлікте, поезде және ұшақта алғашқы дәрігерлік көмек көрсеткендігі үшін халық алғысына бөленген жан.

Ал енді Гүләлі атамыздың халық ара-сында үлкен құрметке бөленіп, танымал болуы өнерге деген қызығушы-лығы.    Өнер болғанда азербайджан халқының ұлттық аспабы «Саз» (домбыра) тарту, терме орындау, суырып салма ақындық, көне дастандардан сыр шерту өнеріне икемділігі.

 Жалпы бұл өнер Құрбановтар әулетіне бабадан атаға, атадан балаға, баладан немереге, беріліп келе жатқан мирас десек те болады. Ол кісі осы өнерінің арқасында 2014 жылы 22 тамыз күні Шымкент қаласында қалалық ардагерлер қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының қаһарман жауынгерлерінің құрметіне арналған «Қайран ерлер – қаһарман ардагерлер» фестиваліне қатысты. «Саз» аспабында ойнау номинациясы бойынша өз өнерін ортаға салып, осы аспаптың сүйемелдеуімен «Жаса Қазақстан» әнін орындаған 82 жастағы атамыз бірінші орынды иеленіп, құрмет дипломын және теңгелей сыйлыққа ие болды.

Гүләлі атамыздың естеліктерінің ішінде ерекше бір есте қалған ерекше жағдай 2021 жылы қараша айының тоғызы күні Шымкент қаласында маңызы ерекше екі бірдей іс шараға қатысқанын тілге тиек етті. Біріншісі, Анадолудағы түрік тілі мен әдебиетінің және сопылық ойшылдықтың ең ірі өкілі, ақын Юнус Эмренің ескерткіші-нің ашылу салтанаты болса, екіншісі

Туркия Республикасының Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша құрметті бас консулдығының ашылу салтанатаы болды. Осы іс-шараның ресми бөліміндегі марапаттау кезінде Туркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мавлут Човушоғлу мырза үлкен құрмет көрсетіп, атамызға арнайы тігіліп, дайындалған түрік халқының ұлттық бас киімін «Папах» сыйға тартуы болғанын мақтанышпен жеткізді.

Ал Құрбанов Гүләлі атамыздың жанұялық жағдайына тоқталар болсам, атамыз 1956 жылы Құрбанова Фикош Асретқызы анамызбен көңілжарастырып, бас қосып, шаңырақ көтеріп, қол ұстасып, өмірдің ағымына қарсы қос аққудай қатар жүзіп, қос бәйтеректей бой түзеп, тамырын тереңге жайып, 69 жыл бірге бақытты ғұмыр кешуде. 

Гүләлі атамыз бен Фикош анамызға құдайтағалам сегіз қыз бен бір ұл баланы тәрбиелеп өсруді нәсіп етті. Перзенттерінің төртеуі әке жолын қуып медицина мамандығын таңдаса, қалғандары ұстаздық мамандығын таңдаған. Ұлы Ағапаша Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты.

Бүгінгі таңда атамыз бен анамыз қыздарын қияға, ұлын ұясына қондырып, олардан 26 немере мен 40 шөбере сүйіп отырған бақытты жандар. Құдай тағалам барша Қазақстан халқына соның ішінде Гүләлі атамыз бен Фикош анамызға дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілей отырып 100 жылдық мерей тойларын бірге өткізуді нәсіп етсін деп тілейік ағайын.

 

КамаловОразбай

Назимұлы.

Шымкент қаласы,

Абай ауданы                                                                          «Ахыска»

ТЭМО төрағасы